Мысалы, Болық пен Елентайдың айтысында мұның жарқын көрінісін көруге болады:
Міне, бұл айтыста әлемнің жаратушысы Аллаһ екені, Оның әлемді жаратуы жайлы тақырып қозғалса, Рысжан мен Әсеттің арасында өткен айтыста Исламның бес шарты баяндалған:
Ұлбике мен Күдері қожа арасында өткен айтыста да Ұлбике есім сұраудың сүннет екенін, өзінің де осы сүннетті ұстанып, қарсыласының аты-жөні кім екенін сұрайтынын айтады. Ұлбикенің ұстанған сүннеті: «Бір кісі біреумен танысқанда атын, әкесінің атын және кімдерден екенін сұрасын. Себебі, бұл әрекет жақындықты арттырады», – деген хадистен шыққаны түсінікті. Жарылқасын ақын да бір айтыста Пайғамбарымыздың хадисіне меңзеп, қарсыласына былай дейді:
Жарқыным, сәлем берсең, сәлемет бол,
Жетеді мұратына өлмеген құл.
Сіз сәлем берсеңіз, біз әлік алдық,
Сүннеті пайғамбардың қазулы жол, – дейді.
Сонымен қатар, ақын Әбубәкір Кердері бір күні татар ақыны Нұрыммен кездеседі.
Бұл жерде Әбубәкір Кердері нық сеніммен кесіп айтқан тұжырымын мына хадистен шығарғаны белгілі: «Бір адам біреуге «кәпір» деген кезде екеуінің біреуі кәпір болады. Егер айтылған адам кәпір болса, әлгі адамның сөзінің рас болғаны. Ал егер олай болмаса, айтушының өзіне айтқан сөзі кері оралады (өзі діннен шыққан болады)».
Осылайша айтыс өнерінің майталмандары сөздерінің өтімді, өткір әрі басымдыққа ие болуы үшін хадистерді дәлел ретінде қолдануы, оның халқымыздың діліне сіңісті болып, күнделікті қоңыр тіршілігінде көрініс табуы сүннет жолымен жүріп, хадистерді ту еткендігінің бұлтартпас айғағы болса керек. Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген сүйіспеншілігін басына тәж еткен халқымыз хадис пен сүннетті кейде тура, кейде жаңылыс қолданса да, оны рухани өміріне арқау еткенін осындай өнер туындыларынан да көруге болады.
Ш.Әділбаеваның «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» кітабы бойынша жазылды.
Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.