Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Денис Тенге шабуыл жасалды

Денис Тен. Фото: Tengrinews.kz

Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышаққа жығылды. Спортшыға Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысында шабуыл жасалған.

Тен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдем қызметі өкілдерінің хабарлауынша, ол қазір жансақтау бөлімінде.

«Жедел жәрдемді оқиға куәгерлері шақырған. Ол №12 Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады дәрігерлер.

Денис Тен — мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген. Конькишілердің халықаралық одағының рейтингінде 9-орында тұр. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version