Басты бет Жаңалықтар Ауа райы бүгін де құбылмалы болады

Ауа райы бүгін де құбылмалы болады

Жел, аптап ыстық, жаңбыр. "Қазгидрометтің" болжамына қарағанда, 19 шілде күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Фото: Hq-oboi.ru

«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 19 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы да ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с-қа дейін жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласуы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз Қарағанды облысында жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде де желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version