@kapital.kz
@kapital.kz

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, қазіргі кезде еркін саудада Монғолиядан еліміздің кедендік заңнамасы нормаларын бұза отырып әкелінген автомобильдер бар.

ҚР кедендік заңнамасы талаптары бойынша Еуразия экономикалық одағына кірмейтін шет мемлекеттерден әкелінген автомобильдерді шектеусіз қолдану үшін оларды кедендік декларациялау қажет. Сонымен қатар тиісті кедендік бажды, салықты төлеу міндетті. Басқа жағдайларда оларды қолдануға жол берілмейді.

Мамандардың мәліметінше, осы талаптарға қарамастан заң бұзушылар көліктерді ішкі істер органдары есебіне қою үшін жалған кедендік құжаттарды пайдаланған.

Заңсыз әрекет Қазақстан мен Ресей Федерациясы кеден қызметтерінің ақпараттық жүйесі дерек қорын және ҚР Ішкі істер министрлігінің есепке алу мәліметін салыстыру барысында анықталды.

Мемлекеттік кірістер комитеті жария еткен тізімде Корея мен Жапонияда шығарылған, сонымен қатар Jaguar XJ, Mercedes-Benz G500, Lexus RX400H, BMW X5 және Chevrolet Camaro автокөліктері де бар. Тізімге енген автокөліктердің көбі – 2001-2010 жылдары шыққан оңтүстіккореялық Hyundai және Kia.

Комитет өкілдері азаматтарды көлік сатып алу кезінде сақ болуға, күмәнді жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге шақырады.

Заңсыз әкелінген деп танылып, іздеу салынған автокөліктердің толық тізімін мына жерден көруге болады.

Ұқсас жазбалар

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!