18 шілде: еліміздің көп бөлігінде жел күшейеді

Еліміздің көп бөлігінде жаңбырмен бірге найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Тек қиыр оңтүстік пен солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл болады. Ал солтүстікте түнде және таңертең тұман бақыланады.

Жамбыл, Түркістан және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз Қарағанды облысында екпіні 18 м/с-қа дейін жететін жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында 15-20 м/с жел соғады, ал күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тағы да қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшейеді.