Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алдағы Олимпиадаға қатыспауы мүмкін

Мұндай шешім Тбилисиде өткен IWF атқару кеңесінде қабылданды, делінген IWF сайтында.

Олимпиадаға іріктеу кезіндегі допинг сынамалардың бірнеше оң нәтижелеріне байланысты ерлер және әйелдер командасының әрқайсысынан бір квотадан алынып тасталды.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасын бір жылға ресми жарыстардан шеттетуі мүмкін. Қазақстанмен бірге Ресей мен Беларусь құрамасы да жазаланды деп хабарлайды Аламан. Алайда бір жылдық спорттан шектеу қай уақыттан басталатыны көрсетілмеген.

Сондай-ақ IWF Әзірбайжан, Ресей, КХДР, Молдова командаларын екі Олимпиада жолдамасынан айырды. Белорусь, Румыния мен Өзбекстаннан бір жолдамадан кері қайтарылды.

Қазақстан ауыр атлеттерінің Рио Олимпиадасына қатысу мәселесін Халықаралық Олимпиада комитеті шешеді. Кеше Лозаннада өткен жиында ХОК допингпен аты шыққан Ресей құрамасын Олимпиадаға қатыстыру туралы шешім қабылдаған болатын.

ДереккөзҚазАқпарат