Басты бетЖаңалықтарАрыстанбек Мұхамедиұлы:...

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Спортшыларға берілген сыйақыны тартып алмаймыз

Айта кетейік, қазақстандық ауыратлеттер Бейжің мен Лондонда алған жүлделері үшін пәтерлермен және көліктермен марапатталған болатын.

Министрдің айтуынша, спортшылардың бюджеттен тыс бөлінген сыйақылары тартып алынбайды. Бірақ оларды жазалаудың бірнеше түрі бар.

«Біз жазалаудың ең жеңіл түрі болуы үшін барын салып жатырмыз. Біріншіден, спортшыларды ойындардан шеттету.  Екіншіден, бұған дейін жеткен жетістіктерін жою. Ал кейін бұдан да қатаң жазаларды қолданамыз. Медальдарын қайтару. Өмір бойы спорттан шеттету. Жазалаудың басқа да түрлері бар. Мысалы, Олимпиада ойындарындағы нәтижелерін жою. Бұдан да қатаң жазалар табамыз. Сонымен қатар, басқа да халықаралық жарыстарда алған жүлделеріне қатысты түрлі шараларды қолданамыз», — деді министр.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, мемлекеттік сыйақылар мәселесі де мұқият қаралатын болады. Мұны заң аясында шешу керек. Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі шыққан соң, отырыс болады. Сол отырыстан кейін барлығы шешіледі. Бірақ мұнда бір мәселе туындап отыр. Ең жоғары орган бар. Ол — Халықаралық Олимпиада комитеті. Олар шығарған шешімді біз міндетті түрде орындауымыз керек. Сондықтан біз Олимпиада қомитетінің шешімінен кейін спортшыларға, бапкерлеріне және федерация басшысына қатысты шаралар қолданамыз. «Бірақ олар біз үшін олимпиада чемпиондары болып қала бермек».

«Әрине, спортшы ауыр жағдайда болғанда оған тағы қысым көрсету саясаты бізде жоқ. Керісінше, біз оларды барынша қолдаймыз. Олардың елімізге қосқан бірталай үлесі бар. Мысалы, Илья Ильин мектептер ашып жатыр, барлық шараға қатысып жүр. Докторлық диссертациясын да қорғап шықты. Біз Ильяны қолдауымыз қажет. Спортшыларымыздың біздің еліміздің мақтанарлық азаматтары екенін көрсетуіміз керек. Спортшыларымызға рақмет», — деп қорытындылады сөзін Мұхамедиұлы.