Машина номер
Фото: интернеттен алынды

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 шілде күні ішкі істер министрінің «ҚР ІІМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы жарияланды.

Бұл бұйрық бойынша енді автокөліктің мемлекеттік нөмірінде Шымкент қаласын белгілеу үшін 17 саны қолданылады. Сонымен қатар Шымкенттен берілетін жүргізуші куәліктеріне “Ү” литері басылады.

Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі болған “13” мемлекеттік нөмірі мен “Х” литері Түркістан облысында қала береді.

автокөлік
Автокөлік. Фото: интернеттен алынды

Әкімшілік полиция комитеті өкілдерінің айтуынша, аталған бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң – 24 шілдеде күшіне енеді. Сол күннен бастап Шымкентте тіркелген көлік құралдарына жаңа мемлекеттік нөмір белгілері беріледі.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақ­стан Республи­касының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы” жарлыққа қол қойған еді. Бұл жарлық бойынша Шымкентке Астана мен Алматы сияқты республикалық маңызы бар қала мәрте­бесі берілді.

Ұқсас жазбалар

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!