ФИФА әлем чемпионаты
©premiumtimesng.com

Жеті ойында екі гол салып, командаластарын рухтандырған “Реал” ойыншысы “Алтын доп” иегері атанды. “Күміс допты” Бельгия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Эден Азар алды (алты ойында үш гол), “Қола медаль” франциялық сұрмерген – Антуан Гризманнға бұйырды (жеті ойында төрт гол).

Мундиальдің “ең үздік жас ойыншысы” атағына Франция құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Килиан Мбаппе лайық деп танылды. “Әлем біріншілігінің үздік қақпашысы” атағын Бельгия құрамасының ойыншысы Тибо Куртуа алды.

Әлем біріншілігінің финалы Мәскеудің “Лужники” стадионында өтті. Франция командасы Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Ұқсас жазбалар

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!