This is a timed quiz. You will be given 10 seconds per question. Are you ready?
2018 жылғы Әлем чемпионаты қайда өтті?
Әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында өтті. Финалы Мәскеудегі "Лужники" стадионында болды.
Бекхэм мен Ибрагимович қай ойынның нәтижесіне бәс тікті?
Швеция құрамасының бұрынғы форварды Златан Ибрагимович өзінің Instagram парақшасында Англия құрамасының экс-капитаны Дэвид Бекхэммен Англия-Швеция матчының нәтижесіне бәстесті.
Әлем чемпионатында алғаш рет бір-бірімен алмасқан ағайынды ойыншылар кімдер?
Олар Марокко құрамасындағы ағайынды Амрабаттар болатын
2018 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы голдың авторы кім?
Сауд Арабиясына қарсы ойында ресейлік Юрий Газинский биылғы чемпионаттың алғашқы голының авторы атанды
2018 жылғы әлем чемпионатында допты иеленуден жасалған рекорд пен антирекорд қай құрамаларға тиесілі?
Ресей допты иеленуден антирекорд жасады (16%), ал испаниялықтар допқа 84%-ға иелік етіп, рекорд жаңартты.
Футболдан биылғы әлем чемпионатының рет саны нешінші?
Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігі — ФИФА-ның ХХІ әлем чемпионаты.
ФИФА-ға мүше 206 мемлекеттің қайсы биылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан жоқ?
2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне ФИФА-ға мүше елдердің барлығы қатысты
Әлем чемпионатында ойын алаңына шыққан жасы ең үлкен футболшы?
Египет құрамасының қақпашысы Эссам әл-Хадари Сауд Арабиясына қарсы ойынға 45 жасында шығып, әлем чемпионатындағы ең жасы үлкен ойыншы ретінде тарихта қалды.
Килиан Мбаппе әлем чемпионатында гол соққан ең жас француз футболшысы атанды. Ол кімнің жетістігін басып озды?
Мбаппе 20 жасында гол соққан Давид Трезегенің жетістігін 19 жасында басып озды.
Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысқан жасы ең үлкен жаттықтырушы кім?
Бұл - Оскар Табарес. Ол 71 жасында әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жаттықтырушы болды.
Әлеуметтік желіде бөлісу: