Басты бет Жаңалықтар «Славян базары» байқауында Қазақстан әншісі бірінші орын алды

«Славян базары» байқауында Қазақстан әншісі бірінші орын алды

Халықаралық "Славян базары" байқауында Қазақстан әншісі Әміре жоғары ұпай - 156 балл иеленді. Румынияның намысын қорғаған өнерпаз да осындай балл алды. Алайда қазылар алқасының шешімімен Гран-при Румынияға берілді.

1-орын Қазақстанға, 2-орын Украинаға, ал үшінші орын Польша мен Беларусь елдеріне берілді.

«Витебскіде өткен «Славян базары 2018″ халықаралық байқауында бірінші орынға ие болған Әміреге 15 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы берілді. қазылар алқасының шешіміне қатысты түрлі пікір айтып, дауласуға болады, бірақ менің көңілім толды, өнерпаздың да. Мұндай ауыр вокалдық байқауда бірінші орын алу, менің ойымша — өнерге енді қадам басқан артист үшін жетістік. Қазақстандық делегацияға және әлеуметтік желі арқылы қолдау көрсеткендердің барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Біз әлемдік музыка аңыздарынан ең жоғары баға алдық, олар: Р.Рымбаева, А.Морозов, Р.Лоретти, В.Гришко, М.Качмарек және өзгелер», — деді Әміренің продюсері Жан Мұқанов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version