Қырғызстанда 6,5 балдық жер сілкінісі болды

Қырғызстан Сейсмология институты сейсмологиялық станциясының мәліметтері бойынша, 20 қараша жергілікті уақыт бойынша, сағат 10.46-да 6-6,5 балдық (магнитуда Mpv= 5,1) жерасты дүмпуі тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Қара-Согот ауылынан солтүстік-шығысқа қарай жеті шақырым қашықтықта, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде болған.

Республиканың елді мекендерінде жер сілкінісінің күші 6-6,5 балл болды. Жерасты дүмпулері Лангар, Қара-Согот, Бек-Жар, Чайчи, Қызыл-Туу ауылының тұрғындарына сезілді. Сонымен қатар, Ош қаласының өзінде 5 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстанның сейсмологиялық станциялары сағат 10.45-те жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 429 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық класы — 10,9, MPV магнитудасы — 4,8, тереңдігі — 5 шақырым.

Еске сала кетейік, 17 қарашада Астана уақыты бойынша, 23.29-да Қырғызстанда жер сілкінді. Магнитудасы 6,3 болған зілзаланың ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 495 шақырымда болды. Таразда және Меркеде күші 3 балл болатын жер сілкінісі сезілген.

ДереккөзTengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Aqyl Battle — жүктеуден PUBG-ды басып озған қазақша мобайл ойын

Aqyl battle – мобайл қолданба форматындағы интеллектуал ойын. Авторы Айболат Құлатай елімізде бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткен IT жобасы туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысуға келгені үшін Хельга Шмидке алғыс айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Павлодар облысына 3 500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді

Биыл Павлодар облысына 3 500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Таиландта комаға түскен қазақстандық қаза болды

Таиландта суға батып кете жаздаған қазақстандық Артур Ысқақов қаза болды. Оның қазасы туралы әлеуметтік желіде әпкесі хабарлады.

Ақша айырбастау орындарында доллар мен рубль арзандап жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443-449 теңгеден саудаланып жатыр.

Келесі аптада Алматыда күн 37 градусқа дейін ысиды

"Қазгидромет" РМК Алматының келесі аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.