Илья Ильиннің Пекиндегі допинг сынамасы да оң нәтиже берген

Тізімде Пекин олимпиадасында 94 килограмда чемпион атанған қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин де бар. IWF Ильиннің Пекиндегі сынамасынан станозол табылғанын хабарлады.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Лондон олимпиадасы кезінде алынған сынамаларды қайта тексергенде он атлеттің допинг қолданғаны расталғанын хабарлаған. Ол тізімде де Илья Ильиннің есімі болған.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) жариялаған «допинг сынамалары оң нәтиже берген» спортшылар тізімінде 2012 жылғы Лондон олимпиадасында алтын ұтып алған қазақстандық ауыр атлеттер қазақстандық Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Мая Манеза да енген.

Енді бұл спортшыларды олимпиада медалінен айыру және Рио олимпиадасына жіберу мәселесін Халықаралық олимпиада комитеті шешеді.

Пекин олимпиадасында Қазақстан екі алтын, төрт күміс, жеті қола медальмен жалпы есепте 29-орын алған.

ДереккөзАзаттық