Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда жәрдемақының...

Қазақстанда жәрдемақының жаңа түрі енгізілді

Аталған әлеуметтік көмекті 14 мыңнан астам отбасы алады. Бұған дейін І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар 18 жасқа толған соң олардың ата-аналарына төленетін жәрдемақы тоқтатылатын.

Әлеуметтік көмектің көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшеріне тең, нақтырақ айтсақ, 29 699 теңге.

Жәрдемақы өмір бойына тағайындалады. Тек кәмелетке толмағандар, жүйке ауруы мен наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрғандар қамқоршы бола алмайды.

«Бір жанұяда екі мүгедек болса, мүгедекті бағып отырған әр адамға төленеді. Отбасында екі не одан да көп бала І топтағы мүгедек болатын болса, жәрдемақы әрқайсысына төленеді. Егер де оларды бір емес, бірнеше адам бағып отыратын болса, тек сол бағып отырған адамға төленеді» — дейді ҚР ЕХӘҚМ департаменті директорының орынбасары Балжан Баяхатова.

Айта кетейік, қамқоршыларды жылына екі рет ауыстыруға болады. Сондай-ақ олар мүгмкіндігі шектеулі адаммен бірге немесе жақын маңда тұруға міндетті.

Дереккөз24.kz