Басты бетЖаңалықтарЖақында Алматы...

Жақында Алматы облысында Хан Тәңіріне медиаэкспедиция басталады


Атап айтсақ, танымал қазақстандық актер, туристік экскурсиялар ұйымдастыру бойынша «Сampit» экскурсиясының серіктестігі Әнуар Нұрпейісов, театр және кино әртісі Альпиниада мен Қазақстан тау клубының қатысушысы Айсұлу Азимбаева, оператор Александр Кузнецов, «Әлемнің жүз ғажайыбы» халықаралық фотокөрме қатысушысы, әуесқой альпинист, Жетісу географиялық қауымдастығының төрағасы Ануар Демегенов Алматы облысының ең биік шыңдарының бірі — Хан Тәңірін бағындырғылары келеді.

«Туризм тұрғысынан алатын болсақ Алматы облысы тамаша флора және фаунасымен қызықтыратын өңірлердің бірі. Бізде шөл, таулар мен өзендер көп. Жетісу географиялық қауымдастығы өз қызметі шеңберінде жобалар мен экспедицияларға қатысу үшін энтузиастар мен зерттеушілерді тартады. Қоғамның алғашқы жобасы 20 мың метр биіктіктегі Жетісу шыңдарын бағындыру. Ал бүгінгі біздің мақсат — «Хан Тәңірі» тауының биік нүктесіне көтерілу. Біз арнайы медиа-экспедиция құрамына осы адамдарды таңдадық. Себебі олар ішкі туризм саласында өте тәжірибелі», — деді Рустам Алпысбаев.

Шыңның биіктігі теңіз деңгейінен 7010 метр және Орталық Тянь-Шаньның шығысында Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

«Тауға шығу оңай емес. Ол үшін арнайы жаттығуларға қатысу керек және үнемі жүгіріп тұру қажет. Ал ең жақсысы 3000 метрден жоғары биіктіктегі таулар. Ол жерде басқаша, ауа тығыздалып, оттегісіз жүгіруге тура келеді. Бұған тек өз ісін сүйетін төзімді жандар ғана шыдайды. Хан Тәңірге кәсіби жетістікке жету үшін альпинизмде шамамен төрт жыл жұмыс істеу керек немесе бір жылдық қарқынды жаттығу жасау керек. Бұл идеяның өте қауіпті екенін білемін. Бірақ тауды жақсы көретін адам ретінде мен бұл ұсыныстан бас тарта алмадым»,- деп Айсұлу Азимбаева өз ойымен бөлісті.

Айта кетсек, альпинизм — ең батыл спорт түрлерінің бірі болып саналады. Бірақ жақсы дайындық пен жақсы команданың арқасында кез-келген шыңды бағындыруға болады.

«Бұл қадам өмірімдегі ең күрделі белестердің бірі. Дегенмен өзіме осы ұсынысты қабыл алып, өзімді сынап көргім келеді. Физикалық және моральдық жағынан дайынмын деп айта аламын. Алғаш маған хабарласқанда күмәнім болған. Ал бұл экспедицияның уақыты таяған сайын шыңды бағындыр мүмкіндігімнің көбейгенін сезе бастадым. Біздің елде туризмнің дамып келе жатқаны мені қатты қуантады. Бұл жастар арасында резонанс туғызып, заманауи медиа арқылы альпинизмнің барлық қуаныштарын жеткізуге мүмкіндік бар. Бірақ шыңға шығу мүмкіндігіне қарағанда майып болу мүмкіндігі көбірек екенін есте сақтауымыз керек», — деді Әнуар Нұрпейісов.

Айта кетсек, Хан Тәңірі өзінің биік шыңымен танымал. Бүкіл әлемнің жүздеген туристері осында келеді. Маусымның ашылуымен таудың етегінде альпинистердің шатырлары көріне бастайды. Хан Тәңірінің шыңына шақыру — сұлулықты жақсартудың жаңа жолын табу, күш-қуатыңызды және табандылықты сынау болып табылады.

Еске салсақ, жоба Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, 8 тамызға дейін жалғасады. Барлық қызықты оқиғаларды қатысушылардың ресми инстаграм беттерінен қарап отыруларыңызға болады

Брифингтің соңында Әнуар Нұрпейісов экспедицияның ең жақсы хештегіне конкурс басталатынын хабарлады. Жақсы идея үшін альпинистің арнайы төсбелгісі ойнатылатыны айтылды.