Бұл тізімде 2016 жылғы Риодағы Олимпиадаға қатысқан қазақстандық жеңіл атлет Юлия Рахманова да бар. Риода ол 100 метрден 4 жүгіретін эстафетаға қатысқан.
27 жастағы спортшы қыздың қанынан тыйым салынған «метастерон» дәрісі табылған. Ереже бойынша ол 2018 жылдың 15 маусымынан бастап 4 жыл бойы ешқандай жарыстарға қатыса алмайды.
Спортшы қыз 2015 жылғы Кванджуда өткен Бүкіләлемдік Универсиаданың алтын жүлдегері. Ол кезде Рахманова 4 адам 400 метрден жүгіретін эстафетаның қола жүлдегері атанған еді. 2016 жылы 100 метрге жүгіретін Азияның ең жылдам спортшылары тізіміне енген болатын.
Бұл тізімде тағы бір жеңіл атлет Тошәлі Әліқұлов, тай-боксшылары Дмитрий Зуев, Николай Самусев, Аян Тажанов, Қазбек Сағындықов, Жәнібек Қанатбаев, Намик Нефталиев, Фарух Гусейнов, Вадим Лопарев және балық аулаушы Ержан Уахитов бар.
Осылайша, 2018 жылы 17 спортшы допин-сынағынан өтпей қалды. Мұның алдында допингтік ережелерді бұзғаны үшін алты спортшы: биатлонист қыз Анна Кистанова, шаңғышы Ердос Ахмадиев, байдаркашы қыз Софья Емельянова, ауыратлет Еркебұлан Айдынұлы және греко-рим стилінде күресетін палуандар Ерасыл Мамырбеков, Сәрсенбай Қалдыбаев жазаға тартылған болатын.