Басты бетЖаңалықтарЫдырысов қырғыздармен...

Ыдырысов қырғыздармен Мұхамедиұлының мәселесін қалай шешкенін айтты

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Мәскеудің әжетханаларын жуып жүрген қырғыз қыздарына жаным ашиды» деген соң, Қырғыз Республикасы Қазақстанға қарсылық нотасын жолдаған еді.

«Бұл жағдайды біз реттеп қойдық. Мәдениет министрлігінің басшылығы ресми жауап берді. Яғни, министрдің не айтпақ болғанын түсіндіріп берді. Интернеттегі блогтардан оқығандарыңыз жекелеген қырғыз азаматтарының эмоция үстінде жазған пікірлері еді. Біздің министр Орта Азиядағы ең жақын досымыздың намысына тиюді ойлаған жоқ, намысына тие алмайды да. Себебі, ол (Арыстанбек Мұхамедиұлы — агенттік) қырғыздарды қатты құрметтейді. Керісінше, ол Шыңғыс Айтматовтай ұлы бар қырғыз бауырларымыздың ұлылығын атап көрсеткісі келді. Оның айтпағы осы еді. Яғни, қырғыз бауырларымызды қорлайын деген ойы болған жоқ. Ол кейін сөзі үшін өзі жауап берді»,-деді  Ыдырысов.

Сыртқы істер министрі атап өткендей, бұл жағдай екі ел арасындағы қарым-қатынасқа көлеңкесін түсірген жоқ.

«Ресми түрде бұл жағдайды реттедік. Мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрімен сөйлестім. Яғни, оқыстан шыққан сөзді теріс түсінгендер ол сөзді эмоциямен өзгертіп жеткізгенін айттым. Қазақстан мен Қырғыз Республикасының қарым-қатынасы бұзылған жоқ»,-деді Ыдырысов.

ДереккөзҚазАқпарат