«Осы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша қазақстандықтар 48,3 миллиард теңгеге 4 651 өтініш берген. Бүгінде 752 миллион теңгеге 63 несие мақұлданды», — делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Бұдан басқа, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша серіктес банктердің тізімі жарияланды. Олар — «ЦентрКредит банкі», «Қазақстанның Халық банкі», «Еуразия банкі», «АТФБанк», Bank RBK, «Цеснабанк» және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі».