Басты бетЖаңалықтарОрталық Азияға...

Орталық Азияға бөтен ниетіміз жоқ — Қытайдың Қазақстандағы елшісі

Елшінің айтуынша, Орталық Азия өңірі терроризмнен ада емес, себебі бұл өңірге Ауғанстан мен Таяу Шығыс жақын орналасқан. Сонымен қатар, ол Орталық Азия үкіметі мен Қытайдың бірігіп күш салуы арқылы кез келген лаңкестік әрекеттерді тоқтата алатындарын мәлімдеді. Бұл үшін ол басқа мемлекеттер атсалысуы керектігін де атап өтті.

«Терроризм — бұл адамзат үшін ортақ жау. Терроризмен күресу керек. Біздің арам ойымыз жоқ. Әріптестігіміз өзара тиімді болады. Бейбіт саясатты жүргізетін боламыз», — деді елші.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында қытайлық кәсіпорындардың аясында экономика саласында 51 жоба жүзеге асырылмақ.