Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: selfietecture.com

Халықаралық конкурсқа кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады. Байқауда Түркістан қаласының ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер қабылданады.

Байқау 11 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Конкурсқа ұсынылған жобалар 15-20 тамыз күндері Түркістанда көрмеге қойылады.

Жүлде қоры  – 40 млн теңге. Ал бірінші орынға 25 млн теңге, екінші орынға 10 млн теңге берілмек. Үшінші орынның жүлдесі – 5 млн теңге.

Байқауға қатысу үшін Turkestangenplan.kz сайтына кіріп немесе  https://goo.gl/forms/Hgib4INFc0tAqIsH3 арқылы тіркелуге болады. Онда тиісті талаптар мен шарттар көрсетілген.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!