Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде халықаралық туризм университетін ашуды ұсынды

«Туризм саласында халықаралық деңгейдегі кадрларды дайындау өте маңызды міндет. Сондықтан Орталық Азияда алғаш рет яғни Астанада дипломы әлемде мойындалатын, халықаралық туризм және қонақжайлылық университетін ашуды ұсынамын», — деді министр Мемлекет басшысына Щучье қаласындағы халықаралық «Бурабай» шаңғы базасында болған кездесуде.

Министрдің пікірінше, мұндай университет білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда Аустрияның (Зальцбург туризм мектебі), АҚШ-тың (Джордж Вашингтон университеті), БАЭ, Швейцария елдерінің тәжірибесі ескерілді. Сондай-ақ Гонконг жоғары мектебімен туризм менеджменті бойынша меморандумға қол қойылды», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Дереккөзbaq.kz