Басты бет Жаңалықтар Астананың 20 жылдығы Беларусь Республикасында да аталып өтті

Астананың 20 жылдығы Беларусь Республикасында да аталып өтті

Минскіде Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті. Салтанатты іс-шараға Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Евдоченко депутаттар, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, дипломатиялық миссиялардың басшылары, ірі кәсіпорындардың басшылары, жетекші ғалымдар, Беларусь мәдениетінің тұлғалары, қазақ диаспорасының өкілдері және т.б. қатысты.

Фото: inform.kz

Өз сөзінде Қазақстанның Елшісі Ермұхамет Ертісбаев Астана – қысқа мерзімде салынған ХХІ ғасырдың жалғыз астанасы, сондай-ақ Қазақстан ғасырдың басында жаңа астананы салған жалғыз ел деп атап өтті. Жаңа астананың дамуы бүкіл Қазақстанды түбегейлі өзгертіп, оны экономикалық және саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет, жауапты және беделді халықаралық серіктеске айналдырды.

А.Евдоченко өз сөзінде жаңа елорданы салу идеясын ұсынып, оны жүзеге асырған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті. Ел Президентінің Астананы дамыту бойынша үнемі назарын аударуы және алаңдаушылығы оны Еуразиядағы динамикалық дамып келе жатқан мегаполиске, қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті қалаға айналдырғанын айтып кетті.

Іс-шара барысында Астана қаласына арналған фотокөрме және бейнебаяндар көрсетілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version