Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда өнеркәсіп...

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 5,2 пайызға өсті

«Биылғы жартыжылдықта экономикалық қызметтің барлық сегменттерінде оң өзгеріс бар. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,1 пайызды құрады», — деді министр.

Министрдің мәліметінше, елімізде инфляция деңгейі азайып және соңғы үш жылдағы ең төмен мәнге жетті. Жыл басынан бері инфляция 2,6 пайызды құрады. Жылдық инфляция — 5,9 пайыз. Инфляцияның барлық компоненттері бойынша баға өсуінің бәсеңдеуі байқалады.

«Өнеркәсіп өндірісі 5,2 пайызға артып, өсу қарқыны сақталуда. Тау-кен өнеркәсібі 5,5 пайызға өсті. Өсім негізінен Қашағанда мұнай өндіру жұмыстарының айтарлықтай асыра орындалуына байланысты туындап отыр. Жоспарланған 4,9 млн тоннаның орнына 6,2 млн тонна өндірілді», — деді Тимур Сүлейменов.

ДереккөзInform.kz