Басты бетЖаңалықтарЕрдоған Түркия...

Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамын жариялады

Жаңа құрамда қаржы министрі болып президенттің күйеу баласы Берат Албайрак тағайындалды. Ол бұған дейін энергетика және табиғи ресурстар министрі болып қызмет еткен.
Ал бірінші вице-президент лауазымына Фуат Октай, қорғаныс министрі болып бас штабтың бұрынғы басшысы Хулуси Акар тағайындалды.
Айта кетейік, кеше Анкарада Түркияда президенті Режеп Тайып Ердоғанның инаугурациясы өтіп, президент билігін күшейткен жаңа конституция күшіне енген болатын. Ант қабылдау кезінде ол жаңа үкіметтің алғашқы отырысы 13 шілдеде өтетінін айтты.
Ердоған 2018 жылы 24 маусымдағы сайлауды жеңіске жетіп, бес жылға президент болып сайланған. Жаңа конституцияға сай президенттің өкілеттілігі артып, премьер-министрдің міндеттері азайды.

«Үкіметтің жаңа құрамының жұмысы жемісті болатынына сенімдімін. Бұл президенттік басқару жүйесі кезінде сайланған алғашқы министрлер кабинеті», — деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

ДереккөзBaq.kz