Басты бет Жаңалықтар Боксшыларымыз Браденбург кубогында 7 алтын алды

Боксшыларымыз Браденбург кубогында 7 алтын алды

Франкфуртта бокстан жастар арасындағы «Браденбург Кубогы 2018» халықаралық турнирінде отандастарымыз 7 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

©inform.kz

Алтын медальға 49 келіде Махмұд Сабырхан, 56 келіде Бейбарыс Жексен, 60 келіде Рахат Сейітжан, Талғат Шайкен (64 келі), Сағындық Тоғамбай (81 келі) және Айбек Оралбай (+91) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды деп хабарлады ҚР Бокс федерациясы.

Ал күміс жүлдеге 69 келідегі Ермахан Жакпеков қол жеткізсе, қола медальға Нұрбек Оралбай ие болды.

Жалпы есепте Қазақстан боксшылары бірінші орынды иеленді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version