Элизабет Тұрсынбаева Таллиндегі жарыста күміс алды

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 174,87 ұпай жинаған. Алтын медальді жеңіп алған ресейлік Мария Сотскованың көрсеткіші – 186,30 ұпай. Ал қола жүлдегер атанған америкалық Тайлер Пирс 171,72 ұпай жиған.

Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымда АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласындағы жарыста күміс, ал Канадада өткен халықаралық жарыста алтын медаль иеленген еді.

ДереккөзAzattyq.org