5 мың адам түрмеден шығады

Елімізде Мемлекет басшысының Жолдауы аясында қылмыстық саясатты гуманизациялау жұмысы күшеюде.Ол үшін арнайы заң жобасы жасалды. Жаңа заң бойынша 260 қылмыс бойынша қоғамдық жұмыс және бас бостандығын шектеу сияқты жаза енгізіледі. Ал 36 қылмыс бойынша айыппұлдың көлемі төмендейді. Соған қоса, бас бостандығынан айыру мерзімі қысқаратын болады.

«Аса ауыр қылмыстар бойынша жазаға тарту мерзімі 5 жыл. Осының негізінде 5 мыңға жуық сотталған адамды босатуға болады. Мемлекет басшысы ол заңға қол қойды», — деді Қ.Қожамжаров бүгінгі алқа мәжілісте.

ДереккөзInform.kz