Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Атырауда 195 отбасы пәтерлі болды

Осы жаңалықпен барлық жиналғандарды Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов құттықтап, жаңа пәтер кілттерін тапсырды:

«Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырауда мемлекет басшысымен бекітілген бағдарламалар аясында тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Біз тұрғындардың барлығына қолжетімді болатындай тұрғын үй құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатырмыз. Бұл жарқын мереке — еліміздің астанасы күнінде 195 отбасы жаңа қонысқа көшті», — деді Полымбет Хасанов

2018 жылы облыста 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Биыл 34 үй пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 үй салынса, қалғаны аудандарда салынып жатыр. Айта кету керек, бұл рекордтық көрсеткіш тәуелсіздік жылдарындағы аймақтағы тұрғын үй құрылысының үлкен көлемі.