Басты бет Жаңалықтар Алматының 7 көшесі бір бағыттық қозғалысқа көшеді

Алматының 7 көшесі бір бағыттық қозғалысқа көшеді

Алматыда кіші көлік айналма шекарасындағы Жамбыл, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Гоголь, Мұратбаев және Шәріпов көшелеріне бір бағыттық көлік қозғалыстары енгізіледі.

Көлік қозғалысы Мақатаев көшесінің  бойымен Қалдаяқов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін батыс бағытта, Гоголь көшесінің бойымен Әуезов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін шығыс бағытта жүргізілетін болады.

Бөгенбай батыр көшесінің бойында көлік қозғалысы Қалдаяқов көшесінен Масанчи көшесіне дейін шығыс бағытта жүреді.

Қарасай батыр көшесінің бойында батыс бағытта, Масанчи  көшесінен  Розыбакиев көшесіне дейін, Жамбыл көшесінің бойында Розыбакиев көшесінен Масанчи көшесіне дейін көлік қозғалысы шығыс бағытта жүргізіледі.

Мұратбаев көшесінің  бойымен Райымбек даңғылынан Шевченко көшесіне дейін  оңтүстік бағытта, Шәріпов көшесінің  бойымен Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін қозғалыс солтүстік бағытта жүретін болады.

Аталған көше бағыттарының өзгерісі жолдағы қауіпті  50% азайтуға,  апатты жағдайларды қысқартуға, негізгі магистральды көшелерде көлік өткізу қабілетін арттыруға ықпал етеді.

Көлік қозғалысының жаңа сызбасы 5 тамызында енгізіледі, деп хабарлады әкімдік.

Былтыр Алматыда Шевченко  және Құрманғазы көшелері бір бағытты қозғалысқа көшкен болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version