«7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы ипотека берілді

Алғашқы болып бұл заемға 25 жастағы Нарбота Бақытхан қол жеткізді. Ол ағарту орталығының менеджері болып қызмет етеді. Ақсай шағын ауданынан үй алу үшін ол 3 жыл бойы ақша жинаған.

«Үй алғаныма қуаныштымын. Енді кілтін алып, үйге кіру ғана қалды. Осы үйде отбасыммен тұрамын деп ойлаймын. Ата-анам мен үшін өте қуанышты», — деді алғашқы ипотека алушы бойжеткен.

Бағдарламаның қаржылық серіктесі «Центр Кредит банкі» банкінің өкілдері алғашқы клиентіне гүл сыйлап құрмет көрсетті.

Мамандардың айтуынша, бағдарламаның шарттары 25 жыл бойы өзгермейді. Ал сатып алынатын үй құны 25 млн теңгеден аспауы тиіс.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстанда 7-20-25 бағдарламасы ресми түрде ашылған болатын. Тұтынушылар Банк Центркредит, Евразия банкі, АТФ банк, банк RBK, Халық банкі, Цеснабанк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несие ала алады.  Жыл соңына дейін бұл тізімге Сбербанк пен Forte банк қосылуы мүмкін.

ДереккөзInform.kz