Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында газдан уланып қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төленетін болады

«Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-тармағында көзделген, яғни еңбек қорғау ережелерін бұзу туралы тиісті тексеру басталды. Айта кету керек, бұл жағдайды облыстық Ішкі істер департаменті бақылауға алып, сараптама жүргізілетін болады», — деді Көбейхан Нұрахметұлы.

Және қаза тапқан отбасыларға көмек көрсетіледі, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

«Зардап шеккен отбасылар үшін орны толмас қайғылы оқиға болды. Жағдайдың қалай орын алғаны тексеріс жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Қайтыс болған азаматтардың екеуі сантехник, біреуі дәрігер. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетіліп, жерлеу рәсіміне дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Әкімшілік тарапынан қайтыс болған отбасылардың туыстарына материалдық көмек көрсету мәселесі қарастырылуда. Біз барлық ақпаратты хабарлап, көрсетілетін  өтемақы мөлшерін қосымша хабарлайтын боламыз», — деді.

«Медицина қызметкері ауруханаға ауыр жағдаймен түскенімен, қазір денсаулығы тұрақталып келеді. Таңертең жасанды желдеткіш құрылғыдан алынды. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бауыржан Ысқақ басқаратын арнайы штаб құрылды. Олар бірден оқиға орнына барды. Сонымен қатар  облыстық және қалалық көпсалалы клиниканың екі бригадасы жіберілді, олар зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін барлық шараны қолданды. Алайда газбен уланған кезде адам бірден зардап шегеді. Өкінішке орай үш азаматты өлімнен арашалап қала алмадық», — дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Өмірзақ Әбілпейісұлы.