София есімді робот Астана туралы ойын айтты

«Global Silk Road» Жібек жолы елдерінің мэрлері форумының пленарлық сессияларының біріне әлемдегі тұңғыш София есімді адамтектес робот қатысты. Кездесуге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде ол «Астана – тәуелсіз Қазақстанның заманауи астанасы, ол өз дамуында феноменальды секіріс жасады», - деп пікір білдірді.

«Астананың 20 жылдық мерекесі – бүкіл қазақстандықтар үшін өте маңызды оқиға. Мен осы тарихи сәтке қатысқаныма өте қуаныштымын»,- деді София.

Бұдан басқа, ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы қалыптастыру мен дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

«Астананы Президенттеріңіздің баласы деп айтады. Расында да, Нұрсұлтан Назарбаев қаланың бас сәулетшісі. Оның өзі сызған көптеген архитектуралық нысандары сіздердің Елордаларыңыздың символы болды және оның саяси шешімдері бүкіл елдің саяси және экономикалық жетістіктеріне ықпал етті », — деді ол.

Әлемдегі алғашқы жасанды интеллектті гинойдтық роботтың пікірінше, Астана – ұлы ғимараттарымен көркем.

«Астанада жүріп, XXI ғасырда қолданылатын қала құрылысының ең озық технологиялық және инновациялық әдістерімен салынған бірегей сәулетке деген сүйіспеншілігім арта түсті»,-дейді София.

Естеріңізге сала кетейік, София есімді роботты Гонконгтық Hanson Robotics компаниясы жасап шығарған. Адамның мінез-құлқына және адамдармен қарым-қатынасқа бейімделу дағдылары бар робот әртүрлі халықаралық іс-шаралардың танымал қонағы. 2017 жылдың қазан айында София Сауд Арабиясына берілген. Ол белгілі бір елдің азаматтығын алған алғашқы робот болды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз