Баян Есентаева

“Қиындықтар артта қалды деп ойлаймын. Жағдайы жақсарып келеді. Орнынан тұрып, жүріп жүр. Шамамен сенбі күні ауруханадан шығарсақ па деп жоспарлап отырмыз”, – дейді Талғар аудандық ауруханасы директорының емдеу жұмыстары бойынша орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Оның айтуынша, Баян Есентаеваның бүгінгі жағдайы көңіл көншітерлік.

“Ол мықты әйел. Дәл мұндай жарақатты рухы мықты адам ғана жеңе алады. Ол тіпті, мүлдем дәрігерге шағым айтқан жоқ”, – дейді Ербол Сәрсенбаев.

Көз дәрігерлері де Есентаеваның жанарына төніп тұрған қауіптің жоқ екенін айтуда.

Ал, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары танымал продюсерді ауруханадан шыққаннан кейін де ем қабылдауын жалғастыратынын мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, Баян Есентаеваны 10 маусым күні өзінің күйеуі Бақытбек Есентаев соққыға жығып, ішіне бірнеше рет пышақ тығып алған болатын. Отбасылық дау-жанжалдың басты себебі қызғаныш болған көрінеді. Мұнан кейін жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, басты күдіктіні тәртіп сақшылары қамауға алды. Сот тергеу ісі аяқталғанға дейін Есентаевты 2 айға дейін қамауға шешім шығарған.

2 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!