Басты бет Жаңалықтар 4 шілдеге арналған ауа райы болжамы

4 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбі, 4 шілде күні Қазақстанның көптеген қалаларында жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Фото: Politeka.net

Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскемен қалаларында ауаны ластайтын факторлар болмайды деп болжануда.

Ал Алматыда метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді. Ақтау, Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Шымкент қалаларында жағымсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version