Басты бет Жаңалықтар Елорда күні кезінде 3500 тәртіп сақшысы қауіпсіздікті қадағалайды

Елорда күні кезінде 3500 тәртіп сақшысы қауіпсіздікті қадағалайды

2-8 шілде күндері, Елорданың 20 жылдық мерейтойын тойлау барысында тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ерекше шаралар қолданады.

Фото ашық дереккөзден

Қала күнін тойлау аясында 2-8 шілде аралығында Астанада 76 іс-шара өтеді деп күтілуде. Осыған байланысты қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтап, елорда тұрғындары мен қонақтарының еркін демалуына қолайлы жағдай жасау үшін 3500-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылады. Оның ішінде Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері де бар.

Сондай-ақ мерекелік іс-шаралар кезінде полицейлерге қоғамдық көмекшілер мен құқық қорғау бағытындағы ұйымдар көмектеседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version