«Маған сіздердің қалаларыңыз қатты ұнайды, біріншіден мұнда ашық алаңдар көп. Оның сан алуандығы мен сұлулығы өте ерекше. Көптеген сәулет ғимараттары есте қаларлықтай. Халқы ашық және қонақжай. Біз болған жердің барлығында жылы қарсы алуда. Жылы қабақ танытқан бәріне де ұнайды ғой», — дейді Шу Юн.
Айта кетейік, Шу Юн Қазақстанда «Хан шатыр» СОСО-ның артында орналасатын жаңа «Алтын көпір» ескерткішінің авторы ретінде танымал. «Алтын көпір» ескерткіші 90 шаршы метр алаңда орналасатын болады. Монумент кәріптас-алтын түсті, 20 мыңнан астам кәріптасты кірпіштен болады. Автордың айтуынша ескерткіштің құрылысы жуық арада басталады.
Жібек жолы бойындағы қалалар мэрлерінің форумы ертең жалғасады. Ұйымдастырушылар ертең де форумның жұмысы қауырт болатынын айтуда. Ертеңгі күннің хедлайнері – гонконгтық «Hanson Robotics» компаниясы әзірлеген София есімді гиноид. Сондай-ақ, шара аясында мэрлер мен губернаторлардан құралған құрама мен әлемдік футбол ардагерлерінен жасақталған құрама арасында футболдан достық кездесу өтеді.
Форум қорытындысы бойынша Жібек жолы бойындағы елдердің қалалары мэрлерінің клубын, кәсіпкерлер, университеттер, журналистер, ақындар қауымдастығын, сондай-ақ, әйелдер мен жастар ұйымдарының платформасын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, «Жібек жолының Алтын көпірі» архитектуралық кешенінің іргетасын қалау тарихи оқиға болмақ.