Онда тұрақты даму, экономикалық әріптестік пен мәдени тәжірибе алмасуды нығайту мәселелері ортаға салынды. Форум кулуарында Пуна мэрі Тилак Мукта (Tilak Mukta) Астананың қарқынды түрде дамып жатқанын, оны әлемдегі басқа астаналарға үлгі етуге болатындығын айтып өтті.
Жібек жолы елдері қалалары басшыларының форумында Үндістанды Пуна мэрі Тилак Мукта таныстырады. Бұл – оның Астанаға жасаған алғашқы сапары. Шараға ол өзінің жұбайымен келіпті.
«Мен бұл қала туралы көп естідім. Астана өте қарқынды дамып жатыр деп есептеймін. Астана – басқаларға үлгі болар шаһар», — деді мэр.
Оның айтуына қарағанда, форум жұмысының нәтижелері Үндістанға үлкен пайдасын тигізбек. Айта кетейік, Пуна – бұл Махараштра штатындағы көлемі бойынша екінші қала. Ол мемлекеттің мәдени астанасы болып есептеледі.
Ресми өкілдің мәліметіне сүйенсек, Үндістанда Астананың үлгісімен «ақылды қалалар» бағдарламасыенгізіледі деп жоспарлануда. Мәселен, велосипедті автоматтандырылған жалға алу жобасы жүзеге асса, метрополитен құрылысына қатысты мәселелер шешіліп жатыр.
«Ақылды қалалар» — жаңа ұғымдардың бірі. Мен бұл форумға технологиялар, «ақылды қалалар» туралы көбірек білу үшін келдім. Оның нәтижелері біздің қаламыз үшін жемісті болады деген ойдамын. Үндістан халқы көп мемлекеттердің бірі болғандықтан біз қоршаған ортаға қатысты проблеманы дұрыс жолмен шеше аламыз», — деді ол.
Еске салайық, бүгін 2 шілдеде Астана Global Silk Road Жібек жолы елдері қалалары басшыларының форумының қатысушыларын қарсы алуда. Форумға 60 елден 2000-нан астам қатысушы тіркелді. Олардың 70-і – Жібек жолы елдері қалаларының басшылары, 150-і – шетелдік спикерлер мен модераторлар.