Денсаулық сақтау қызметкерлерінің айтуынша 5ұл және 1 қыз қалыпты бой мен салмағы бойынша дүниеге келген, аналарының жағдайы жақсы, барлығы да осы шараға қатыса алды. Отбасы мүшелерін Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гүлмира Шәкірова құттықтап, тілегін білдірді.
«Биылғы жылы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы мереке — Ұлттық Домбыра күнін енгізді. Бүгін біз осы маңызды күнді атап өткенімізге шын қуаныштымыз. Домбыра әрдайым Қазақстанның музыкалық мәдениетінің символы болғанын атап өткім келеді, ол бала кезден жанымызға жақын, оның шегі әрбір адамның жүрегіне жетеді. Біз аналарымызға және олардың балаларына зор денсаулық, қуаныш пен бақыт тілейміз. Олар біздің еліміздің лайықты азаматтарын өсіріп, біздің дәстүрлерімізді, тіліміз бен рухани құндылықтарымызды қадірлеп, білсін »- деп тіледі Гүлмира Шәкірова.
Мереке қарсаңында босанған аналарға салтанатты түрде гүл мен сыйлықтар берілді, ал мерекенің басты белгісі — домбыра алғаш сәбиі дүниеге келген Кенжеғалиевтердің отбасына берілді.
«Мен бүгін түнде сағат 12.30-да ұлымды босандым. Өзімді жақсы сезінемін. Баланың атын әлі таңдамадық, қазақ салт-дәстүрі бойынша үлкендер лайықты есім таңдайды деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға осындай жақсы және көңілді мереке үшін алғыс айтамын. Бүгін еліміз үшін және отбасымыз үшін ерекше күн. Мен өте қуаныштымын, бұл оқиға менің ұлымның туылғанына ерекше және ұмытылмас оқиға болады», — дейді жас ана Іңкәр Жәнібекова.
Айта кету керек, 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық Домбыра күні туралы жарлығы жарияланды. Мереке қоғамды ұлттық мәдениет идеясы бойынша дамыту мақсатында құрылған және шілде айының бірінші жексенбісінде тойланатын болады.