Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық спортшылар жүзуден бір алтын, екі күміс жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар жүзуден бір алтын, екі күміс жеңіп алды

Ташкентте синхронды жүзуден өткен халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар бір алтын, екі күміс медальдар жеңіп алды.

©Көрнекі фото

Құрама командамыз алтын жүлдені «аралас техникалық дуэт» бағдарламасында қанжығасына байлады. Екінші орын — Өзбекстанда.

Ал алғашқы «күмісті» Дженифер Русанова мен Яна Дегтярева дуэті техникалық бағдарламада жеңіп алды. Бұл сында бірінші орынды Мексикалық қыздар қанжығаларына байлады.

Екінші күміс медаль синхронды жүзушілерімізге еркін бағдарламада бұйырды. Бірінші орын — Мексикада, үшінші орын — Германияда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version