Басты бетЖаңалықтарОльга Рыпакова...

Ольга Рыпакова «Гауһар лигада» 8-орынды иеленді

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Ольга аталған додада мықтылар қатарына жақындай алған жоқ.

Рыпакова алты мүмкіндік ішіндегі ең үздік нәтижесі — 14,25 метр. 7 маусым күні Ослода өткен кезеңде Ольга 14,06 метр көрсеткішімен 6-шы орын иеленген болатын.

Парижде кіл мықтылар Ольганың үздік үштікке жақындауына мүмкіндік берген жоқ. Ал Рио Олимпиадасының чемпионы Катрин Ибаргуэн бұл жолы да қара үзіп кетті.

  1. Катрин Ибаргуэн (Колумбия) — 14.83 м;
  2. Кимберли Уильямс (Ямайка) — 14.56;
  3. Тори Франклин (АҚШ) — 14.49;
  4. Кристин Гириш (Германия) — 14.42;
  5. Шаниека Риккетс (Ямайка) — 14.38;
  6. Ана Пелетейро (Испания) — 14.31;
  7. Руги Диалло (Франция) — 14.27;
  8. Ольга Рыпакова (Қазақстан) — 14.25.