Басты бетҚоғамАлматы жастары...

Алматы жастары қолжетімді баспанаға ие бола алады

Қала əкімдігі баспасөз қызметінен  Алматы қаласында «2020 жылға дейін жастарды қолдау жол картасы» аясында «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылғанын хабарлайды.

Бағдарлама 35 жасқа дейінгі кез келген санаттағы алматылықтарға өз пәтерін сатып алу үшін жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.

«Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды. 2018 жылы «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді. «Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде, яғни жобаға қатысушылар жылдық мөлшер 5% болатын 10 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен несие ала алады. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай 3 жылдан 25 жылға дейінгі аралықта жеке жасалынады. Бағдарлама аясында несиелендірудің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Несие тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді, оны бағдарлама қатысушысы өз бетінше таңдайды», — деді əкімдік баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, 2018 жылы бағдарламаға бірқатар жаңартулар енгізілген. Бірінші балаға 10 балл, ал әрбір келесі балаға 20 балдан есептеледі. Балдық жүйеде хабарландыру шыққаннан бастап некеде 1 жыл тұрған жас жұбайларға 30 балл бөлу қарастырылған.  Ағымдағы жылы шілденің 9-ы мен 20-сы аралығында бағдарлама аясында өтініштер мен құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қатысу туралы өтініш www.almaty-zhastary.kz арнайы порталы арқылы қабылданады.

«Алматы Жастары» бағдарламасы туралы толық мәліметті www.almaty-zhastary.kz сайтынан,  Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы (www.uzh-almaty.kz) және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (www.hcsbk.kz) телефондары: 300 немесе 8-8000-801-880 (қоңырау шалу тегін), +7 (727) 380 05 23 арқылы білуге болады.

Дереккөзinform.kz