«Бұл республикалық байқау елімізде алғаш рет ұйымдастырылуда. Байқаудың мақсаты — әр өңірдегі беделді, бірқатар жұмыс орнын құрып, салық төлеп отырған іскер әйелдерді насихаттау. Олар өз-өздерін ірі байқауларда көрсетіп, халық ықыласына бөленуге лайықты деп есептеймін. Байқауды болашақта жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарда бар», — дейді жоба жетекшісі Сәуле Қайсар.
Жарыс қорытындысы бойынша, іріктеу кезеңінде гран-приді «Сәулем-ай» интеллектуалды жан-жақты дамыту орталығының директоры Сәуле Ерниязова жеңіп алды. Енді, Сәуле жыл соңында Астана қаласында өтетін финалда Атырау облысының намысын қорғайды. Байқаудың басты жүлделерінің бірі – Лондонға жолдама. Сонымен қатар, демеушілер көмегімен финалдық кезеңнің жүлде қоры әлі де толығуда.
Айта кету керек, қазіргі таңда облыста 23 000 әйел кәсіпкер тіркелген. Олар түрлі кісіп түрімен айналысып, бірқатар жұмыс орындарын ашуғс сеп болды.