Ақтөбеде 45 адам «жиһад» жасамақ болған

«Олардың жалпы саны басында 45 адам болғаны анықталды. Бірақ олар «жиһад» жариялап, пәтерден шыққан кезде, 19 адам бас тартқан, біз оларды анықтадық, қазір олардан жауап алынуда», – деді министр бүгін халық алдында берген есебінде.

Қалмұханбет Қасымовтың атап көрсеткеніндей, Ақтөбедегі лаңкестердің басты мақсаты – қаруға қол жеткізіп, кейін аталған өңірде бірқатар теракт жасау болған.

«Келіскен 29 адам, дүкенге келген («Паллада» қару дүкені), жолай тағы үш адам бас тартқан, дүкенге кіргенде тағы бір адам райынан тайып, топтан бөлініп кеткен. Қалған 25 адам осы лаңкестікті жасап отыр. Ол бейнекамерада да көрініп тұр», – дейді министр.

Еске сала кетейік, 5 маусымда Ақтөбеде теракт орын алды. 25 адам қару дүкеніне, кейін әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Салдарынан Ұлттық ұланның 3 әскери қызметшісі мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты. 7 әскери қызметші мен 12 полицей жарақат алды. Қазіргі уақытта терактіге қатысқандардың барлығы ұсталды және кейбірінің көздері жойылды. Тергеу жүргізілуде.

Елде 40 күнге лаңкестік қауіпінің «сары» деңгейі белгіленді.

ДереккөзҚазАқпарат