Әнші Владимир Кузьмин алғаш рет Алматыда

Мультиинструменталист және бірнеше әннің авторы, әнші, «Карнавал» тобының негізін қалаушы және көшбасшы, «Динамик» тобының көшбасшысы Владимир Кузьмин Алматыда алғаш рет концерт өткізеді.

Аталған іс-шара 30 маусымда «Хард Рок» кафесінде өтеді. Бұл кеште тыңдармандар сүйікті әндерін тыңдап қана қоймай, танымал әншінің жаңа жобаларымен де танысады.

Оңтүстік астананың барлық тұрғындары мен қонақтарын керемет рок кешінің қонағы болуға шақырамыз. Кеш 19:00-де басталады.