Басты бет Жаңалықтар Елордамызда пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімі анықталды

Елордамызда пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімі анықталды

Елордалық салық қызметкерлері тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімін анықтады.

Фото: Inform.kz

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімін анықтады. Міндеттемелерін атқармай отырған тұлғалар он есе көп мөлшерде салық төлеуге міндеттелді, оның жалпы сомасы 197 млн теңгені құрады», — делінген хабарламада.

Департамент өкілдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзбауға шақырып, салық міндеттемелерін орындамағандар әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version