Елордамызда пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімі анықталды

Елордалық салық қызметкерлері тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімін анықтады.

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқан 100-ден астам жер телімін анықтады. Міндеттемелерін атқармай отырған тұлғалар он есе көп мөлшерде салық төлеуге міндеттелді, оның жалпы сомасы 197 млн теңгені құрады», — делінген хабарламада.

Департамент өкілдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзбауға шақырып, салық міндеттемелерін орындамағандар әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді.

Дереккөзinform.kz