Басты бет Жаңалықтар Facebook криптовалютаны жарнамалауға рұқсат берді

Facebook криптовалютаны жарнамалауға рұқсат берді

Facebook әлеуметтік желісі таспада криптовалютаны жарнамалауға рұқсат бермек, бірақ ICO (Initial Coin Offering - криптоактивтерді бірінші рет таспаға салу) жарнамасына салынған тыйым күшінде қалады.

«Қаңтар айында біз пайдаланушыларды жаңылыстыратын қаржылық өнімдер мен сервистердің, бинарлық опциондар мен криптовалюта секілді алдамшы технологиялардың жарнамасына тыйым салатын жаңа қызмет саясатын енгізген болатынбыз. Бірақ соңғы айлардағы ізденістер нәтижесінде әлеуметтік желі бұл саясатты өзгертіп, қауіпсіздігіне көз жеткізу мақсатында кейбір жарнамаларға рұқсат бергені дұрыс», — дейді Роб Лезерн.

Оның айтуынша, 26 маусымнан бастап ережелер жаңартылады.

Еске сала кетейік, қаңтар айында Facebook желіде криптовалюта және бинарлық опциялардың жарнамасын жариялауға тыйым салған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version