«Жолдың жағдайы — негізгі нұсқа. Көктемде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына, күнделікті тексеріске, бұл жолдың жағдайына келгенде сұрақтар бар. Мен осымен 20-шы рет жауап беріп тұрмын: кімнің кінәлі екенін комиссия анықтайды», — деді Жеңіс Қасымбек тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Еске сала кетсек, 17 маусымда Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы аударылып, бір жасөспірім көз жұмған болатын.