Павлодар облысының өз тумасынан алғаш рет қари шықты

Құран жаттау орталығының» шәкірті  Манас Айдарұлын таныстырды. Өкіл имам өз сөзінде:

«Жұмалинов Манас-Павлодар  облысының тумасы, әрі осы облыстан шыққан бірінші қари болды.  Ол қасиетті Құран Кәрімнің 114 сүресін басынан-аяғына дейін түгел  жаттады. Онысын  облысымыздағы білікті имамдардан құралған топтың алдында дәлелдеді де.  Бұл біздің үлкен мақтанышымыз.»

Өкіл имам арықарай өз сөзінде:

« Қари деп Құранды бастан аяқжатқа білетін, тәжуид ғылымын жан-жақты меңгерген, жеті қирағаттың мәні мен ерекшеліктерін, аяттардың тафсирі (тәпсірі, мағынасы) мен түсірілу тарихын, толық білетін адамды айтады. Манас бауырымыз бұл шарттың барлығын да алдағы уақытта толық меңгереді деп ойлаймыз. Өйткені басы жас, мүмкіндігі толық. Әрине, бұл оңай шаруа емес екендігі белгілі. Әйтсе де «әрекет бар жерде берекет бар» дейді.  Әлемде Құраннан басқа толығымен, әрбір әрпі өзгертілместен, үтір-нүктесіне дейін көкейде сақталатын кітап жоқ. Мұны дос та, дұшпан да біледі әрі мойындайды. Бұл Алла Тағаланың мұсылмандар үшін берген мәртебесі, сыйы»,-деп түсіндірді мешіт жамағатына.

 

Келесі кезекте өкіл имам 22 жасар қари Манасты жамағаттың алдына әкесі Айдармен бірге  шығарып,  облыс мұсылмандары   атынан алғыс айта келе, үлкен Құран кітабымен қосып  сый-сияпаттар жасады.

Жас қари Манас:

«Көптеген бауырларымыз «Құран жаттау үшін қандай кеңес бересіз?» деп сұрап жатады. Мен оларға бір ғана негізгі кеңесті беремін – Құранды көп оқу қажет. Қарилар Құранды көп оқып, қайталай беру арқылы қари болады. Құран жаттау – аянбай еңбектенуді талап ететін міндет. Біз медреседе оқып жүргенде әр күні 10-12 сағатымыз Құран оқуға арналды. Әлихан Бөкейхан атамыз: «Ұлтқа қызмет ету – мінезден» депті. Сондықтан Құран сөзін жүректе ақтық деміне дейтін сақтау үшін, махаббат тұнған жүрекпен қатар, айнымас мінез де керек. Сол үшін мінездің көркемдігі, жүректің қажыр-қайраты, ақылдың сауыты да керек деп ойлаймын»,-дейді Павлодарлық жас қари  Айдарұлы Манас бауырымыз.

Манас бауырымыз алдағы уақытта Түркия еліне барып Құранды изажаға тапсыруға дайындалуда.

Бүгінгі таңда «Мәшһүр Жүсіп Құран жаттау орталығында»  он шақты шәкірт білім алуда.  Орталықтың бағытына сәйкес Құран, Құран тәпсірі, тәжуид, ақида, хадис секілді пәндер оқытылады.