Нұрсұлтан Назарбаев: Ақтөбедегі лаңкестікті салафизмді ұстанушылар жасады

«Біз мұның дәстүрлі емес салафизм діни ағымын ұстанушылар тобының лаңкестік шабуылы екендігін білеміз. Республикадағы діни наным-сенім бостандығына қамтамасыз ете отырып, біз сонымен бірге діни ұранды жамыла отырып, елдегі ахуалды шатқаяқтатуға тырысатындарға батыл жауап қатуға ниеттіміз», — деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестердің жоспарына қарамастан бейбіт тұрғындар арасында өлім-жітімнің көп болуына жол берілмегендігіне баса назар аударды.

«Күш-қуат құрылымдарының іс-қимылы барлық дерлік қылмыскерлердің көзін жоюға мүмкіндік берді. Олардың кейбіреулері іздеуде. Меніңше, біздің құқық қорғау органдары барлығын да тауып, олар сәйкесінше жаза алатын болады. Лаңкестік акт қоғамның көңіл-күйін бұзды, халық табанды іс-қимылдарды күте отырып, оларды әділ түрде айыптайды», — деді Қазақстан Президенті.

Осыған орай Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікті қамтмасыз етуге бағытталған стратегиялық және жүйелі сипатқа ие бірқатар нақты тапсырмалар берді.